Автор туралы
Ысқақова Гүлнар Ысламбекқызы
Қызметі: өнертану ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
1984 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітіреді. 1998 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «Теория музыки» кафедрасының аспирантурасын бітіреді. 2007 жылы өнертану ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғап шығады. Еңбек жолын Қызылорда музыкалық мектебінде оқытушы қызметінен бастайды (1984-1986). Қызылорда музыкалық училищесінде оқытушы қызмет атқарады (1986-1991).
1991 жылдан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде аға оқытушы қызметін атқарады (2023).
2001 жылы «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының аға оқытушысы Ысқақова Г.И. академиялық доцент атағы беріледі.
Білімі:
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «Ұлттық аспаптар» кафедрасы (1977-1984).
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «Теория музыки» кафедрасының аспирантурасы (1994-1998).
Ғылыми-зерттеу жұмыстары аясы:
-
Сыр жері қазақтарының күйшілік дәстүрін тарихи, теориялық аспектілерде зерттеу.
-
Сыр жері күйшілік мектептерінің қалыптасуы және өзіндік қолтаңбалық ерекшеліктерін анықтау.
-
Сыр жерінің күй өнерін зерттеу нәтижесінде, дербес феномен екендігі анықталды, географиялық орналасуына байланысты Батыстың (төкпе) және Шығыс Қазақстан күй өнерінің ықпалы (шертпе) түйінделді.
-
Қазақтың қалыптасқан күйшілік өнерімен және түрлі авторлардың күйлерін бір-бірімен салыстырмалы талдау жүргізу, сондай-ақ жыр мақамдарымен байланысын тұжырымдау.
-
Нотографиялық расшифровкаларға көп аспектілі теориялық талдау жүргізу: дыбыс қатарлық құрылымы, ритмика, музыкалық формасы мен орындаушылық ерекшеліктері тұрғысында.
-
Тарихи синтез-формалардың қалыптасуын түйіндеу.
Жарияланған мақалалар:
-
Сыр бойының күйшілік дәстүрі // Университеттің 60-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Қызылорда: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті, 1997. – Б.275-276.
-
Ой шақыру // Оқу әдістемелік құрал. Қызылорда, 1994.
-
Сыр бойы күйлеріндегі дыбыс қатарлық ерекшеліктері // ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның археология ғылымдарының жетістіктері мен келешегі» тақырыбы бойынша Халықаралық Марғұлан оқулары. – Қызылорда, 2001. – Б.306-309.
-
Сыр бойы күйлеріндегі орындаушылық әдіс-тәсілдер // «Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт Ата мұраларын зерттеудің өзекті мәселелері» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Қызылорда: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2005. – Б. 139-142.
-
Күйлердегі музыкалық құрылыс ерекшеліктері: Сараптау әдістемесі. // В.П.Дернованың 100-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жинақтары. – Алматы: ҚР БҒМ Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, 2006. – Б. 83-89.
-
Күй тілі –қағыс // Орталық Азия елдерінің II Түркістан интеграциялық форумы. – Түркістан, 2006. – Б. 304-307.
-
Сыр өңірі күйшілік дәстүріндегі негізгі және орта буындарының құрылымдық ерекшеліктері // ҚР ҰҒА Хабарлары. М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. – Алматы: Әдебиет және өнер институты, 2004. Б. 62-65.
-
Сыр өңірі күйлерінің әуендік құрылыс ерекшеліктері // ҚҰ ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. – Алматы, НАН РК. – 2007. №2(162). – Б. 61-64.
-
Қағыс – күй тілі // ҚР ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. - Алматы: НАН РК. -2007. №3 (163) – Б. 72-76.
-
Сыр бойының жыр мақамдарын сараптаудағы кейбір мәселелер // Музыка народов Центральной Азии. Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Алматы, 2009. Б. 278-280.
Ғылыми жоба:
Сыр жерінің күйшілік және әншілік өнерін зерттеу.