
Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызметкердің құқықтық мәртебесі
Мемлекеттік қызметшінің мәртебесін асқақтату күрделі және ұзақ процесс. Сол себепті, әр қызметкер өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсап, халқына адал да қалтқысыз қызмет жасап, өз ісіне жауапты болғаны абзал.
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенім болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне, этикасы мен моральдық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Пән Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшінің мәртебесін, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мемлекеттік қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет ерекшеліктеріне негізделген құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды. Бұл еңбекте білімгерлердің өз бетінше дайындалуына мүмкіндік беретін, теориялық білім деңгейін игеруге қажетті оқу материалдары берілген.
Пәннің басты мақсаты білімгерлерге мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәртебесінің теориялық-методологиялық негіздерінің қазіргі қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен байланыстыра отырып, негізгі ерекшеліктерін түсіндіру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы No 416-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы No 153
Жарлығы.