top of page

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары

Белый фон

№1 дәріс. Бейорганикалық  қосылыстардың негізгі кластарына кіріспе. Химияның негізгі түсініктері. Заттардың жіктелуі. Оксидтер

Тапалова.jpg

Курстың авторы

Тапалова Анипа Сейдалықызы

Лауазымы: «Биология, география және химия»
БББ-ы профессоры

  «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» пәні -  жалпы химиялық дайындықтың іргетасы, ғылыми дүние тануды қалыптастырады, болашақ маманның шығармашылық ойлауын дамытады. Элементтердің және олардың жай және күрделі бейорганикалық және органикалық заттардың қасиеттері барлық химиялық білімдердің негізін құрайтын теориялық түсініктері мен концепциялар курстың пәні болып саналады.

Мақсаты: білім алушыларды бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарымен қаруландыра отырып, алған білімдерін оқу және өндірістік практика жүзінде қолдана білуге үйрету.        

   Міндеті:

  • білім алушылардың дүние танымының дамуына әсер ету,

  • қоршаған ортаға көзқарастарын қалыптастыру,

  • химиялық құбылыстар арқылы материалдық философияның заңдарын түсіндіру,

  • бір заттың екінші затқа айналу механизмін түсіндіру.

bottom of page