Автор туралы
Тапалова Анипа Сейдалықызы
Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты
Ғылыми атағы: қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы
Туған күні: 05.12.1952ж.
Туған жері: Қызылорда облысы
Қызметі: «Биология, география және химия» БББ-ы профессоры
Жалпы еңбек өтілі: 47
Педагогикалық еңбек өтілі: 47
Білімі:
1970-1975ж.ж. жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультеті, «Химия» мамандығы. Біліктілігі – химик, оқытушы.
1999 жылы А.Б.Бектұров атындағы Химия институтында «Болаттың коррозиясын тежегіш құрамында мырышы бар силикополифосфаттарды алудың технологиялық негіздерін жасау» атты тақырыпта А.Б.Бектұров атындағы химия институтында диссертация қорғап, 05.17.01-Бейорганикалық заттардың технологиясы бойынша техника ғылымдарының кандидаты дәрежесі берілді.
2003 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Ғылыми Кеңесінің шешімімен 02 желтоқсан 2003ж. №3 хаттамасы бойынша Химия және химиялық технология кафедрасының академиялық доценті атағы берілді.
2006 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 1 шілдедегі шешімімен (№10 хаттама) химиялық технология мамандығы бойынша доцент (assosiate professor of Chemical technology) ғылыми атағы берілді.
2008 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Ғылыми Кеңесінің шешімімен 11 желтоқсан 2008 ж. №3 хаттамасы бойынша Химия және химиялық технология кафедрасының академиялық профессоры атағы берілді.
2009 жылы 29 қыркүйекте Халықаралық Педагогикалық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. ( МАНПО Ресей. Москва).
Кәсіби тәжірибесі:
1975-1990 жылдары Қызылорда медициналық училищесінде оқытушылық қызмет атқарған.
1990 жылдан Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент қызметін, 2008 жылдың желтоқсан айынан бастап академиялық профессор қызметін атқарып келеді.
Марапаттары:
1. ҚР «Үздік оқытушысы» грант иегері -2008 жыл;
2. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалі - 2008 жыл;
3. Халықаралық Педагогикалық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. (МАНПО Ресей. Москва); 2009 жыл;
4. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды - 2010 жыл;
5. 2011-2012;2013-14; 2014-2015 оқу жылдарынының қорытындысымен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Үздік оқытушысы» медалі;
6. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін университеттің 75 жылдық мерекелік медалі -2012 жыл;
7. Медаль им. Д.И.Менделеева «За заслуги в химии» Международного Фонда Мира и Согласия стран СНГ -2013 жыл;
8. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Қорқыт Ата атындағы Алтын медалімен» марапатталған. 2014 жыл;
10. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің химиядан VI Республикалық пәндік олимпиадасының ұйымдастырылуы мен өткізілуіне белсене қатысқаны үшін Алғыс хат. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Д.Ж.Нөкетаева,2014 жыл;
11. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің 5В011200-«Химия» мамандығы бойынша VIII Республикалық пәндік олимпиадасына қатысқаны үшін Алғыс хат. Қостанай қаласы (2015 ж);
12. Заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, зерделі, ой-өрісі кең жастарды тәрбиелеуге, білім сапасын дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат. Қызылорда облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Р.Чагай 2015 жыл;
13.Аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды. Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев, Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы А.Әлназарова, 2015 жыл;
14. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін университеттің 80 жылдық мерекелік медалі. 2017 жыл;
15. Қызылорда облысы әкімінің алғыс хаты, 2019 жыл;
16. Қорқыт ата атындағы ҚУ ректорының Алғыс хаты.2021 жыл;
17. Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін Ахмет Байтұрсынов ордені, 2021 жыл, желтоқсан.2021 жыл;
18. ҚР ҒЖБМ «Ғылымға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі,2022 жыл;
Ғылыми еңбектері және жарияланымдары:
7 монография, 4 оқу құралы, 13 әдістемелік оқу құралының және 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
Біліктілікті арттыру:
1. Анализдеудің жаңа заманғы әдістері Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Қызылорда қаласы 26.11-30.11.2009ж. Сертификат К № К №129
2. Varian 450GC газды хромотографы және Agilent 7890/5975 хромото-масс спектрометрі бойынша ASTMD әдісімен химиялық, хромотографиялық сараптама жасау. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ мамандар біліктілігін арттыру және қашықтан оқыту факультеті. Қызылорда қаласы 2009ж. Сертификат серия К №00680
3. ИК-спектрометр, IR-Prestige-21 фирмы Shimadzu. ООО Аналит Продактс Генеральный дистрибьютор фирмы «Шимадзу». Санкт-Петербург қаласы.